Сарыарқа ауданында бірқатар кәсіпкерлік субъектілер карантиндік шектеулерді бұзған
Мониторингтік топ карантиндік шектеу шараларын бұзатын кәсіпкерлік субъектілерін анықтау жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Сарыарқа ауданында сағат 22.00-ден кейін Nirvana, Chili Gril, “Угол” барлары жұмыс істеді, Basilic кафесінде келушілер саны белгіленген нормадан асып кетті. Jax ойын клубы жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан карантин режимін бұзып, жұмысын жалғастырды.
Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.
Мониторингтік топтар азаматтарға және мекеме иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау қажеттігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Елордада карантин талаптарын қайта күшейтуді болдырмау үшін Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері қала тұрғындары мен қонақтарын санитарлық ережелерді сақтауға шақырады. Қазір вирус әлі де басылған жоқ.