11.12.2019 «Сарыарқа» ауданының әскерге шақыру комиссиясы құрамы аудан көлемінде жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі мен күзгі мерзімді әскери қызметке шақырырылған Елордалық жастардың қызметтерінің барысы мен әскери өмірінің тыныс-тіршілігіне де көңіл бөлуде.
⠀⠀⠀
Желтоқсан айы – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне күзде шақырылған жастардың барлық әскери бөлімдерде Әскери ант қабылдау салтанатты рәсімімен басталды.
⠀⠀⠀
Еліміздің барлық өңірлерінен шақырылған 4000-нан астам мерзімді әскери қызметтің сарбаздары туысқандары, командирлері мен қызметтестері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерінің көзінше Отанға адал болуға ант етті. Олардың арасында 130-дан аса «Сарыарқа» ауданынан шақырылған жастарымыз да бар.
⠀⠀⠀
Әскери ант – жауынгерлердін Отанына, халкына, еліне өзінің әскери борышына адалдығын білдіретін серті. Әрбір жауынгер қарулы күштердің қатарына кіргенде әскери ант береді және ең жоғары және ардақты міндеттеме алады.
⠀⠀⠀
Ант қабылдағаннан кейін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ата-аналары әскери бөлімнің аумағын аралап, әскери асханаларда, әскери бөлімдердің аумағында болды, плацты, спорттық қалашықтарды, клубтарды, сыныптар мен өзге де объектілерді аралап шықты.
⠀⠀⠀
Іс-шаралар концерттік бағдарламамен аяқталды.
Әскери ант қабылдау рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық Әскери-патриоттық орталықта да жүрігізілді. Елордалық Десанттық-шабуылдаушы бригаданың 100-ден астам сарбазы еліне адал болуға серт етті.
⠀⠀⠀
Фотолар Думан Құрманғалиевтікі